Қазақ тілі және мәдениеті орталығының 15 жылдығы

16.11.2018

Көрулер: 3157

Дөңгелек үстел жұмысына РФ-дағы Қазақстан Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов өзінің құттықтау сөзінде Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры Ирина Аркадьевна Краеваға ММЛУ-де қазақ тілінің кәсіби түрде оқытылып жатқанына ризашылығын білдірді. РК елшісі ММГУ-дің қазақ тілінде білім алған бітірушілерінің казақстан-ресей арасындағы түрлі өзара қарым-қатынас саласында кәсіби сарапшы ретінде үлкен сұраныста екенін атап өтті.

Елші мырза И.А.Краеваның Қазақстан Ресей арасындағы гуманитарлық байланысты дамытуға қосқан үлесін атай отырып, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапаттады.

         ММГУ ректоры И.А. Краева өзінің құттықтау сөзінде: «Қазақ тілі біздің университетте оқытылып жатқан көп тілді жеті тілдің толық құқықтық мүшесі болды, олардың барлығы бізде 37. Қазақ тілі мен мәдениеті Орталығы университеттің ғылым-білім құрылымында нақты жұмыстар атқаруда. 15 жыл ішінде ММЛУ -дің қазақ тілі мен мәдениеті Орталығы қазақ тілі шет тілі ретінде білім алған 50-ден артық маманды дайындады»- деп атап өтті.

ММЛУ –дің Ғылыми Кеңесі Шешімін оқыған И.А.Краева білім және ғылыми қызметінің дамуына, ММЛУ-де казақ тілі мен мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін ТМД мемлекет-қатысушыларының тіл және мәдениет бойынша Базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ф.ғ.д., профессор Э.Д.Сүлейменованы, ҚР білім беру құрметті қызметкері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылар кеңесінің мүшесі ф.ғ.д., профессор Н.Ж. Шаймерденованы, ММЛУ –де әр жылдарда қазақ тілі мен мәдениеті Орталығының директорлары болған ф.ғ.д. Е.А.Әбдірасылованы (2003-2005 ж), ф.ғ.д. профессор Р.А. Авакованы (2005-2007ж.), ф.ғ.д. доцент Ұ.Е. Мұсабекованы (2008-2014ж.) ММЛУ-нің «Еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапаттады.    

ТМД мемлекеттер-қатысушылары тіл және мәдениет бойынша Базалық ұйым Дирекциясының директоры В.Н. Конев: « әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тілі мен мәдениеті Орталығын құрудың қайнар көзі бола білді. Жыл сайын ММЛУ –де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары,   докторанттары, магистрлері, студенттері тағылымдамадан өтеді. 2018 жылдан бастап ММЛУ -де қазақ тілін үйреніп жатқан студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-гі көп тілді білім беру Ресурстік орталығында тілдік тағылымдамадан өтеді» - деп атап өтті.

     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ.М.Мұтановтың атынан жолданған құттықтауды ММЛУ ректоры И.А.Краеваға жоғары мектеп ғылымы халықаралық академиясының академигі, орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының Қазақстандағы ассоциасының Президенті, МАПРЯЛ-дың вице-президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Ғылыми- сарапшы кеңесінің мүшесі Элеонора Дүйсеновна Сүлейменова тапсырды.

Э.Д. Сүлейменова: «Осыдан 15 жыл бұрын, 2003 жылы көктемде әл – Фараби атындағы ҚазҰУ мен ММЛУ студенттері мен мамандары арасында ауысым туралы Келісімге қол қойылды, ал күзде казақ тілі мен мәдениеті Орталығы ашылып үлгерді. ММЛУ мен ҚазҰУ оқытушыларының ынтымақтастығы арқасында Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған қазақ тілі шет тілі ретінде әдістемесінің байсалды ғылыми-әдістемелік базасы жасалды», - деп ерекше атады.

   ТМД-дағы гумманитарлық ынтымақтастықтың Мемлекетаралық қоры стратегиясы мен талдау бөлімінің басшысы С.В. Алещенок    лингвистикалық мамандықтары мен бағыттары бойынша оқитын студенттерге арналған, РФ ғылымы мен білім беру Министрлігі ұсынған У. Е.Мұсабекованың, И.А.Краеваның, Г.М.Фролованың «ТМД елдеріне арналған Қазақ тілі» (2012) оқулығымен таныстырды.            

Халықаралық қатынас және әлеуметтік-саяси ғылымдары Институтының үшінші курс, ағылшын/қазақ топтарының студенттері қазақ тілінде құттықтау бағдарламасын дайындап, қазақ тілі мен мәдениеті Орталығындағы сабақтарында қазақ халқының мәдениетін үйреніп, үлкен қызығушылықпен тіл меңгеріп жатқандары жайындағы бейнероликтерін көрсетті. ММЛУ бітірушілері Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипова дөңгелек үстел қатысушыларына   «Қазақша Мәскеу» атты қызықты медиажобасын ұсынды.

Мереке соңында барлық қатысушылар салтанатты концертке шақырылды.

ММЛУ - дегі казақ тілі мен мәдениеті Орталығының табысты қызметі Ресей Федерациясында қазақ тілін шет елде таратуға, ықпал ету өрісін кеңейтуге және насихаттау жұмыстарында үлкен рөл атқарады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

көп тілді білім беру Ресурсті

орталығының директоры

ф.ғ.д. Ұ.Е. Мұсабекова