Жаңалықтар

Алматы - Тәуелсіздік бесігі

15.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері тақырыптық кураторлық сағаттар өткізді. Солардың бірі, "Алматы - Тәуелсіздік бесігі" атты тақырыпта 15 желтоқсан күні Қытай, Ауғанстан және Сириядан келген шетелдік студенттер білім алатын топта өткізілді. Студенттер 16-17 желтоқсан күндері Қазақстанда неліктен және қалай Тәуелсіздік күнін атап өтетіні туралы білді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет

15.12.2020

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының тыңдаушыларымен өткізілетін дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралардың бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат. Іс-шара барысында шетелдік студенттер тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білетін болады. Айта кету керек, біздің еліміз туралы ақпаратты шетелдік азаматтар үлкен қызығушылықпен қабылдайды: олар Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді. Кафедрада жұмыс істейтін "өлке тарихы мен мәдениеті" орталығының жетекшілері оқу топтарының кураторларымен бірлесіп 2020 жылдың 15 желтоқсанында "Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет" атты онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

"Балықшы мен балық" ертегісі

11.12.2020

2020 жылдың 11 желтоқсанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен "Орыс әдебиеті әуесқойларының клубы" онлайн іс-шара өткізді.

Шара барысында студенттер А. С. Пушкиннің шығармашылығы, өмірбаянымен танысып, «Балықшы мен балық» ертегісін тыңдап талдады. Презентация көрсетілді, содан кейін әңгіме жүргізілді, оның барысында шетелдік тыңдаушылар дұрыс қорытынды жасады: сіз ашкөз адам бола алмайсыз, бәріне ризашылық білдіріп, қолыңыздағы бар нәрсеге қуануыңыз керек. Әйтпесе, сізде бар нәрсені де жоғалтуыңыз мүмкін. Жақсы қабылдау үшін студенттер А.С. Пушкиннің осы ертегісі негізінде түсірілген анимациялық фильмді көрді. Пушкиннің ертегілерін оқу қызықты! Іс-шараның мақсаты: шетелдік тыңдаушыларды ұлы ақынның шығармашылығына тарту, орыс мәдениетіне деген қызығушылықты ояту. Тәжірибе көрсеткендей, ертегілер тәрбие мен білім берудің тиімді құралы болып табылады, орыс ертегілерінің әлеуетін пайдаланбай, шетелдік тыңдаушылардың мәдени бейімделуі қиын болады. Сондықтан әдебиет әуесқойлары клубы өз жұмысын жалғастырады.

Ары қарай оқу >>

Тілдер және мәдениеттер фестивалі

04.12.2020

Дәстүр бойынша желтоқсан айының басында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында "Тілдер және мәдениеттер фестивалі" аясында Ашық есік күні өтеді. Биылғы жылы іс-шара кафедраның 35 жылдығына арналды және уақыт талабы бойынша онлайн форматта өткізілді. Бұл - халықаралық деңгейдегі тәрбиелік іс-шара.

Іс-шара барысында кафедраның оқытушылары мен студенттерін ресми қонақтар, кафедра түлектері сөз сөйлеп, мерейтойымен құттықтады. Мәскеу лингвистикалық университетінің түлектерінен достық жылы лебіздерін білдіріп құттықтау жолдады. Қазір кафедрада білім алып жатқан студенттер өлең оқып, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Кафедра студенттері мен оқытушыларынан басқа, Ашық есік күніне ресми қонақтар қатысты: әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, ҚР-дағы ҚХР Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гюйсюн, Венгрия Бас консулдығының сауда-экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Дердь Тар, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры ж.д.Есімова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Д.К. Дүйсебаев, Ланчжоу университетінің (ҚХР) шет тілдер кафедрасының өкілдері, әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының өкілдері, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың басшылары.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

30.11.2020

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 2012 жылдан бастап бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, олардың басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болып табылады. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында куратор-эдвайзерлер, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша клубтардың басшылары барлық топтарда дәстүрлі түрде осы күнге арналған іс-шаралар өткізеді. Онлайн оқытуға қарамастан, биылғы жыл да ерекшелік емес. Шетелдік студенттер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тұлғасы, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы көп мағлұмат алды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

30.11.2020

30 қарашада Қазақстанда 2012-ші жылдан бастап тойланатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері қазақ тілін үйреніп жүрген студенттер үшін танымдық тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында шетелден келген жастар Елбасы өмірінің негізгі фактілері, оның президенттік басқаруы кезеңіндегі елдің жетістіктері, сондай-ақ Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін әр түрлі нысандарға беру арқылы оның республиканың дамуына қосқан үлесін мәңгі есте қалдыратыны туралы білді. Шетелдік тыңдаушылар өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды, оларға толық жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері

25.11.2020

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бірнеше жылдан бері "Қазақстантану" танымдық клубы жұмыс істейді. Клуб басшылары куратор-эдвайзерлермен бірлесіп, шетелдік тыңдаушылар үшін танымдық іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Кезекті іс-шара "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері" тақырыбында өтті. Біздің еліміз туралы ақпаратты кафедрада оқитын студенттер әрқашан үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Міне, осы оқу жылында да онлайн оқыту форматына қарамастан оқытушылар өз тыңдаушыларының назарына ел өмірі туралы қызықты мәліметтер ұсынады. Мұның бәрі шетелдік білім алушыларға қазақ және орыс тілдерін меңгеру процесінде көмектеседі және олардың ой-өрісін айтарлықтай кеңейтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

23.11.2020

Шетелдік студенттерге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасы жақсы таныс. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәстүрге айналған осы тақырыпта кураторлық іс-шаралар өткізуде. Кезекті танымдық іс-шарада оқытушылар Қазақстанда 1 желтоқсанда атап өтілетін мерекенің тарихы туралы айтып берді. Әсіресе, тәлімгерлер Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөліне тоқталды. Іс-шара барысында шетел азаматтары аталған тақырыпқа байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Ары қарай оқу >>

Біз өлең оқимыз!

23.11.2020

Шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындау кафедрасында әлемнің түрлі елдерінің тыңдаушылары тек орыс және қазақ тілдерін оқып қана қоймайды. Оқудың алғашқы айларынан бастап оқытушылар өз шәкірттерін оқыту тіліндегі өлеңдермен таныстырады. Әрине, бұл қарапайым балалар өлеңдері! Нәтижеге жету жолында оқытушылар әр-бір сөзді, әр-бір сөйлемді студенттермен бірге қайталап пысықтайды. Бірақ еңбек оған тұрарлық!!!

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның ұлттық валютасы күні

17.11.2020

Шетелдіктердің тілдіr және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетелдік студенттерді еліміздің жаңа тарихымен байланысты барлық нәрсе қызықтырады. Кафедра оқытушылары, куратор-эдвайзерлері атаулы күндерге арналған тәрбиелік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Кезекті іс- шара 2020 жылдың 17 қарашасында орыс тілін үйренушілер үшін "Қазақстанның ұлттық валютасы күні" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында шетел азаматтары ҚР Ұлттық валютасы теңге туралы қызық мәліметтер алды.

Ары қарай оқу >>