Жаңалықтар

"Денсаулық әліпбиі"

14.10.2019

2019 жылдың 14 қазан күні сағат 20:00-де №14-ші жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен "Денсаулық әліпбиі" тақырыбында ашық кураторлық шара өтті. Іс-шара барысында оқытушылар студенттерге тазалық пен гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салды.

Ары қарай оқу >>

«Жапонияның мәдениеті күндері»

14.10.2019

2019 жылдың 14-18 қазан күндері аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедраның «Халықаралық достық клубы» ұйымдастыруымен «Жапонияның мәдениеті күндері» атты Апталығын өткізді. Апталықтың бағдарламасында «Күншығыс елі» атты ашық кураторлық сағаты, Жапония көркем фильмді тамашалауы, «Жапония музыкалық өнері» тақырыбында дөнгелек үстел, фотосүрет көрмесі сияқты шаралары өткізілді. Факультетте оқитын жапон студенттері апталықтың дайындау және өткізу барысына белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ашық кураторлық сағат «Сәлем, Қазақстан!»

05.10.2019

2019 жылдың 5 қазан күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері «Сәлем, Қазақстан!». Іс-шара барысында бастауыш деңгейлі шетелдік студенттер Қазақстан Республикасы туралы елтанушылық ақпарат алды.

Ары қарай оқу >>

«Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» атты мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық мектебі

05.10.2019

2019 жылы, қазанның 5-6 жұлдызында Шымкент қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Көптілдік білім берудің ресурстық орталығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі ұйымдастырған «Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» атты мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық Мектебі болып өтті. Мәдени дипломатияның Мектеп жұмысына Қазақстан Республикасындағы Ресейынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі Воробьев Константин Павлович, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Коропченко Алексей Анатольевич, сонымен қатар қазақстан мен ресей жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты.

Ресей және қазақстан лингвистерінің арнау сөздері заманауи білім беру кеңістігіндегі лингвистикалық парадигмаға арналды. Мектеп аясында Оңтүстік Қазақстан мен Шымкент қаласының мектептерінің мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының қатысуымен «Заманауи гуманитарлық білім беру: балаларды қалай және неге оқыту керек» атты пікірталас болып өтті. Пікірталас барысында жобаның алдағы дамуы мен келешегі анықталды.

«Білім беру. Жаңашылдық. Тілдер» мәдени дипломатияның ІІ Еуразиялық Мектебіне жиналған 80-нен астам – қалалық, ауылдық жердегі мектептер мұғалімдері, Шымкент қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары, сонымен бірге Мәскеуден, Санкт-Петербургтен, Нұрсұлтаннан, Алматыдан, Петропавлдан келген қатысушылардың жұмысы қызықты және жемісті өтуі бұл сияқты іс-шараның пайдалылығын, мақсаттылығын көрсетті. Мектеп жұмысының Мұғалімдер мерекесі қарсаңында өтуі барлық мұғалімдер мен педагогтарға керемет сый болды.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының 10 жылдық мерейтойы

28.09.2019

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының 10 жылдық мерейтойымен құттықтады. 2019 жылдың 28 қыркүйегінде кафедра куратор-эдвайзерлерінің жетекшілігімен шетел студенттері, факультет басшылығы мерекелік іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараға ҚХР дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев қатысқан.

Ары қарай оқу >>

«Әлем университеттердің жаһандық саммиті» аясындағы Халықаралық студенттер фестивалі

18.09.2019

2019 жылдың 18 қыркүйегінде қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра шетел студенттері куратор-эдвайзерлермен бірге «Әлем университеттердің жаһандық саммиті» аясындағы Халықаралық студенттер фестиваліне белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған Апталық

15.09.2019

 

2019 жылдың 9-14 қыркүйек қүндері жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының мұгалімдері Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған Апталығын өткізді. Апталық барысында қазақ және орыс тілін менгеруші шетелдік студенттер бұл датаның тарихы және Қазақстанның тіл саясаты тұралы толық ақпарат алды.

Ары қарай оқу >>

«Алматы Марафон 2019»

21.04.2019

2019 жылы 21 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетел студенттері «Алматы Марафоны 2019» белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

Декан Кубогы

20.04.2019

2019 жылы 20 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетел студенттері декан Кубогына футбол бойынша жарысқа белсенді қатысты. Кафедра студенттері 2-ші орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми конференция

09.04.2019

2019 жылдың 9 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен VІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында ХХХІV Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>