Жаңалықтар

"Корея апталығы"

27.02.2020

2020 жылдың 27 - 31 қаңтар күндерінің аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Халықаралық достық клубы» куратор-эдвайзерлермен бірге «Корея елі күндері» апталығы ұйымдастырды. Апта барысында «Корея музыка өнері» атты дөңгелек үстел, Корея көркем-суреті туралы фильмді тамашалау және «Таңғы балғындық елі» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. Шара ЖОО дейінгі білім беру факультетінде оқитын шетелдік студенттерге арналды.

Ары қарай оқу >>

Денсаулық сақтау

22.02.2020

22.02.2020ж. шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Д.С. Толмачева, Е.Р. Игнатовалар №14 студенттер үйінде шетелдік студенттермен «Денсаулық сақтау» тақырыбында кездесу өткізді. Жиын барысында денсаулыққа зиянды темекі шегу, алкоголь ішу және наркотик қолдану ж.т.б. зардаптары туралы талқыланды. 

Ары қарай оқу >>

Еріктілер жылы аясындағы қайырымдылық акциясы

20.02.2020

2020 жылдың 20 ақпан күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаев жариялаған Еріктілер жылы аясында қайырымдылық акциясын өткізді. Олар «Мирный Қазақстан» қарттар үйіне барды. Кафедра оқытушылары азық-түлік өнімдерін апарды, сонымен қатар қарттар үйі тұрғындарының қал жағдайын сұрап әңгімелесті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқытушыларының 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

12.02.2020

2020 жылдың 12 ақпан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында секциялық отырыс өткізді. Сөз алған оқытушылар қазақ және орыс тілдерін шет тілдері ретінде оқытудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелерін талқылады.

Ары қарай оқу >>

Оңтүстік Кореяның ұлттық дәстүрлері

08.02.2020

08.02.2020ж. сағат 19:00-21:00 аралығында №14 студенттер үйінде «КИД» клубының мүшелері И.В. Мацконың жетекшілігімен шетелдік студенттерге арнап «Оңтүстік Кореяның ұлттық дәстүрлері» атты іс-шара өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби – ұлы ағартушы, пәлсапашы, математик

08.02.2020

08.02.2020ж. сағат 12:00-13:00 аралығында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Д.С. Толмачева, Е.Р. Игнатовалар №14 студенттер үйінде шетелдік студенттермен «Әл-Фараби – ұлы ағартушы, пәлсапашы, математик» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында шетелдік студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты.  

Ары қарай оқу >>

"Коронавирустық инфекция: аурудың белгілері, анықталған жағдайда алдын алу шаралары және ережелері"

23.01.2020

2020 жылдың 23 қаңтар күні "Smart health" медицина орталығы қызметкерлерінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетел студенттерімен "Коронавирустық инфекция: аурудың белгілері, анықталған жағдайда алдын алу шаралары және ережелері" тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлері алдын алу шараларына, сондай-ақ ауру белгілері анықталған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелеріне тоқталды.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлер мектебі өтті

09.01.2020

2020 жылдың 9 қантарында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра кураторлары Тәрбие жөніндегі департаменттің қолдауымен ұйымдастырылған кураторлар-эдвайзерлер Мектебінің жұмысына белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Университет оқытушылары арасындағы дәстүрлі "Денсаулық" спартикиадасы

06.01.2020

2020 жылдың 6-10 қантар күндерінің аралығында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрама командасында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушылары «Денсаулық» атты әртүрлі спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысына белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан – ұлы адамдардың елі»

17.12.2019

2019 жылдың 17  желтоқсан күні №14-ші жатақхананың акт залында  жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстан – ұлы адамдардың елі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. 

Ары қарай оқу >>