Қазіргі Қазақстан көптеген елдермен экономикалық, мәдени, достық байланыстарды қолдайтын толерантты мемлекет болып табылады. Қазіргі қоғамда тек Қазақстан жастары ғана емес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитын шетелдік студенттер де сапалы білім алады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласында жаңа дүниетанымды қалыптастыруға, елдің ғылыми әлеуетін сақтауға және дамытуға баса назар аударды.
Кафедра оқытушылары қазақ тілін шет тілі ретінде және орыс тілін шет тілі ретінде оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Олар өз зерттеулерінің нәтижелерін Скопус және ККСОН журналдарында жариялайды.
Кафедра жұмысы әртүрлі бағыттар бойынша жүргізіледі. Ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыстар студенттердің ғылыми жұмысымен үйлеседі. Шетелдік студенттер жыл сайынғы студенттік ғылыми конференцияға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндамалар дайындайды. 2020 жылы конференция онлайн жүйесінде сәтті өтті.
Кафедра оқытушылары экскурсиялар, кураторлық сағаттар, концерттер, дөңгелек үстелдер өткізеді, бұл іс-шаралар шетел студенттеріне Қазақстанды білуге, оның өзіндік ерекшелігін, төзімділігін сезінуге, елді сүюге мүмкіндік береді. Студенттер оқудан кейін өз елдеріне қайтып оралып, Қазақстанның тарихи оқиғалары, жетістіктері мен табыстары туралы айтып, Қазақстанды басқа елдердің жастары арасында дәріптейді.
Оқытушылар мен студенттерге барлық бастамаларда жетістіктер, ғылыми және шығармашылық табыстар тілейміз.
Игнатова Е. Р., Толмачева, Д. С., Саденова А. Е.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті