Республикалық пәндік олимпиада-2020

 

2020 жылдың 26 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары оқу орындарының студенттері арасында «5В060700-Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Осы жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтықтан Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті. «Биология» мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға ҚР 8 ЖОО-нан 14 команда қатысты. Біздің университеттің командалары жүлделі 1, 2 және 3 орындарға ие болды.

 

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

 

www.kaznu.kz

Басылым күні :  08.04.2020