«Ата-ана үміті сендер - жас ұрпақ»

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес Биофизика және биомедицина кафедрасының PhD докторы Ж.Абдрасулова және «7М01504-Биология» мамандығының магистранттары А.Аманкелдиева, А.Кеңшілік, Р.Қалиекпер ұйымдастыруымен 5.03.2020 күні сағат 12.00-де №428 аудиториясында «Ата-ана үміті сендер-жас ұрпақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. «Ата-ана үміті сендер-жас ұрпақ» атты ашық тәрбие сағаты Ұлы Абайдың «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,-деген сөзінен басталды.

«Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген қазақ мақалында даналық сыр бар. Ата-бабаларымыз осы қағиданы берік ұстаған. Ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды, өмірдің мақсаты, мұраты санаған. Саналы, зерделі перзент тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен.

Ашық тәрбие сағатына «5В011300-Биология» мамандығының ББП-17-02,04 топ студенттері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 

Абдрасулова Ж.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

 www.kaznu.kz

Басылым күні :  23.03.2020