«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісі онлайн форматта болып өтті

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінде 2021 жылдың 6 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісі онлайн форматта болып өтті.
Конференция шеңберінде 6-сәуірден бастап келесідей іс-шаралар ұйымдастырылды:
  • 1. Дөңгелек үстелдер;
  • 2. Ғылыми пікірталастар;
  • 3. Мастер-класстар;
  • 4. Көрнекі ғалымдармен, саясаткерлермен және заңгерлермен кездесу.
Халықаралық конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қашықтық форматта қатысты.
Конференция барысында түрлі заманауи ғылым саласының өзекті мәселелері келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстарда талқыланды:
  • 1. Геожүйелер мен геоақпараттық картографиялау
  • 2. Туризм және қонақжайлылық
  • 3. Гидрометеорологияның заманауи мәселелері
  • 4. Экология және адам тіршілік қауіпсіздігі
  • 5. География, жерге орналастыру және кадастрдың өзекті мәселелері

 

Возможно, это изображение (Виталий Сальников и экран)

 

Басылым күні :  09.04.2021