«Жібек жолының тарихи географиясы» тақырыбында семинар бойынша есеп

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Фараби әлемі» Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы

«География, жерге орналастыру және кадастрдың өзекті мәселелері» секциясы бойынша есебі

 

«Фараби әлемі» Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «География» секциясы бойынша 07.04.2021 күні «Историческая география Шёлкового пути» атты семинар өткізілді. Баяндамашылар: г.ғ.д., профессор Надыров Ш.М., 2-ші курса докторант Чжан Бинь.

Сондай-ақ, семинарға «География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының» меңгерушісі, г.ғ.д., профессор Нүсіпова Г.Н.,  кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Мусагалиева А.Н., г.ғ.к., доцент Калиаскарова З.К., деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Тугельбаев С.С., г.ғ.к. аға оқытушы Мылкайдаров А.Т. және басқа да кафедра оқытушылары мен магистранттары қатысты.

Семинарда Жібек жолының геоэкономикалық, геосаяси және геоэкологиялық мәселелері талқыланды.

 

Басылым күні :  09.04.2021