«Географиядағы білім беру үдерісінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері мен әдістері» тақырыбында мастер-класс бойынша есеп

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Фараби әлемі» Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы

«География, жерге орналастыру және кадастрдың өзекті мәселелері» секциясы бойынша есебі


«Фараби әлемі» Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «География» секциясы бойынша 07.04.2021 күні «Географиядағы білім беру үдерісінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері мен әдістері» мастер-класс өткізілді.

Жауаптылар: докторанты Якубов Ф.Ф., Исабаева С.Д., Амангелди О., Шайқыслан Е.Ш., Аубакирова Г.Б., Екейбаева Д.П.

Сондай-ақ, семинарға «География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының» меңгерушісі, г.ғ.д., профессор Нүсіпова Г.Н.,  кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Мусагалиева А.Н., г.ғ.к., доцент Калиаскарова З.К., деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Тугельбаев С.С., г.ғ.к. аға оқытушы Мылкайдаров А.Т.,  аға оқытушы Мукалиев Ж.К. және басқа да кафедра оқытушылары қатысты.

Баяндамашылар және мастер-класстың тақырыптары:

  • 1. Шайқыслан Е.Ш. Географиядағы білім беру процесінің тиімділігі
  • 2. Исабаева С.Д. Географияны оқытуда технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру
  • 3. Амангелди О. Географиядан білім берудегі инновация мен мотивация
  • 4. Аубакирова Г.Б. География сабақтарында оқушыларды олимпиадаларға дайындау үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
  • 5. Екейбаева Д.П. Мектептерде география пәнін оқытуда электрондық ресурстарды қолдану әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  09.04.2021