«Жастар, ғылым және инновация» атты XVІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

  

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер! 

 

2 вариант инфо. письмо на каз_АРУ_студ_конф_2021.d

2 вариант инфо. письмо на рус_АРУ_студ_конф_2021.d


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2021 жылдың 5-9 сәуірінде оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Филологияның өзекті мәселелері.
  2. Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар. 
  3. Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері. 
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.).
    1. Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері.
      1. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері. 
      2. Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері.
      3. Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.

 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2021 жылдың 20 наурызына дейін conference_argu_2021@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

1. Конференцияға қатысу туралы өтініш (формасы қоса беріледі);

2. Баяндаманың тезистері (мақала).

Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағында жарияланады. Мақала мазмұны автордың жауапкершілігінде. Мақалалар автормен толығымен тексерілуі керек. Жинақ электронды түрде ұсынылады. Ғылыми жұмыстар жинағында жарияланатын мақалалар антиплагиаттан (turnitin) өткізіледі.

Өтініште:

- бағыттың атауы (секция).

- баяндама тақырыптары.

- автор мен жетекші туралы толық ақпарат (толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, электрондық адресі және байланыс телефондары).

 

Конференция регламенті:

Сөз сөйлеу уақыты:

Пленарлық баяндамалар - 8-10 минут

Секциялық отырыстарда - 5-7 минут

Баяндамаларға қойылатын талаптар:

Мақала көлемі 3-5 беттен аспау керек. Word (х.doc; х.dosx) редакторында, Times New Roman шрифтімен, А4 форматында терілуі керек. Шрифт көлемі – 14, аралық интервал – 1, барлық жиектердің ені – 2 см, абзац – 1 см. Ортаға бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін төменде - автордың тегі, аты-жөні және электронды поштасы, 1 интервалдан кейін төмен - ұйымның атауы. Жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады, мақала соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиеттерге сілтеме тік жақшада [1, 15-17 б.] рет саны бойынша беріледі. Әдебиеттердің тізімінен екі жолдан кейін ғылыми жетекші туралы ақпарат (егер бар болса). Ұйымдастыру комитеті мерзімнен кейін ұсынылған немесе талаптарға сай ресімделмеген баяндамаларды жинақ материалдарына қоспауға құқылы. Қолжазбалар қайтарылмайды.

Басылым күні :  01.04.2021