Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы (6-8 сәуір 2021 ж.)

 

Фараби Әлемі 2021 Ақпараттық хат. ГжТПФ.pdf

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2021 жылдың 6-8 сәуір күндері өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.

 

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2021 жылдың 6-сәуірінен бастап секция отырыстарында қашықтық форматта тыңдалады.

 

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1)        студенттер мен жас ғалымдар ғылыми-ізденіс және оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2)        студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

3)        студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау;

4)        студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

 

Конференция шеңберінде 6-сәуірден бастап келесідей іс-шаралар өткізіледі:

1.  Дөңгелек үстелдер;

2.  Ғылыми пікірталастар; 3 .Мастер-класстар;

4. Көрнекі ғалымдармен, саясаткерлермен және заңгерлермен кездесу.

 

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасы 2021 жылдың 20 наурызына дейін конференция хатшылары қабылдайды.

 

Басылым күні :  01.04.2021