Абайдың 175 жылдығы “Рухани жаңғыру”

Абайдың 175 жылдығы “Рухани жаңғыру”

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының География мамандығының 3 курс студенттері мен эдвайзері география ғылымдарының кандидаты Әлім Төлекұлы Мылқайдаров жақсы іс-шара өткізді.Абайдың 175 жылдығына арнап, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында студенттермен Абайдың "Қара сөздері" мен өлеңдерін айтып жақсы челлендж бастады. Абай әлемін, Абай әлемі арқылы зерттеп-тану, меңгеру, ғұламаның ілімі бойынша өмір сүру – Елбасымыз айтқан Рухани жаңғыру мен Ел мәңгілігінің де ең басты кепілі.
Абай әлемі – ұлтымыздың мінез-құлқы, болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, жаны, тілі, діні, ділі, рухы жан-жақты көрініс тапқан бірегей құбылыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтой аясында мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда екенін атап өте отырып, ол шаралардың «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» екенін ескертті.#geozemkad, #kaznu, #geofak

Басылым күні :  18.04.2020