Студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы (6-9 сәуір 2020 ж.)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты
пайдалану факультеті
2020 жылдың 6-9 сәуір күндері өтетін студенттер және жас
ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына
қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу
орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас
ғалымдар шақырылады.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап
секция отырыстарында тыңдалады.
Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 9-сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
студенттер сарайында өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) студенттер мен жас ғалымдар ғылыми-ізденіс және оқу-танымдық іс-әрекетін
ынталандыру;
2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;
3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі
дарынды студенттерді қолдау;
4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.
Конференция шеңберінде 8-сәуірден бастап келесідей іс-шаралар өткізіледі:
1. Дөңгелек үстелдер
3. Семинарлар
4 .Мастер-класстар
5. Көрнекі ғалымдармен, саясаткерлермен және заңгерлермен кездесу
6. Зияткерлік ойындар және т.б.
Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференциямен байланысты барлық шығындар конференцияға қатысушылармен
төленеді.
Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.
Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасы
2020 жылдың 13 наурызына дейін
конференция хатшылары қабылдайды.

 

Фараби Әлемі 2020 Ақпараттық хат.pdf

Фараби Әлемі 2020 Информационное письмо.pdf

Басылым күні :  09.04.2020