Педагогикалық практиканың, болашақ мамандар үшін маңызы (КГУ №95)

Педагогикалық практиканың, болашақ мамандар үшін маңызы

 

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «5В060900-География», «5В011600- География», мамандығының 4 курс студенттері педагогикалық практиканы, жұмыс беруші Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында өтіп келеді. Педагогикалық практиканың білім беру бағдарламасын жұмыс беруші, №13 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Г.С. Аймырзаевамен бірлесіп құрастырылады.

             Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі  тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады.            Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі.

   Студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді.

     Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.

             Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық практика студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

       №13 мектеп-гимназиясында педагогикалық практика өткізуге толық мүмкіндік бар, сыныптар тобы жеткілікті. Студенттер мектепке барған күннен бастап география пәні мұғалімі Аймырзаева Гүлбарам Сейдахметқызынан тәжірибе ала отырып, сабақтар өткізеді. Практиканың мазмұнымен ұйымдастырылуы талапқа сай, студенттер мен мұғалімдер үшін өте ыңғайлы формада жүзеге асты.

 

 

Басылым күні :  13.03.2020