СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 
8-10 сәуір 2019 ж.

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 8-10 сәуір күндері өтетін студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2019 жылдың 8-сәуірінен бастап секция отырыстарында тыңдалады.
Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 11-сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері
1) студенттер мен жас ғалымдар ғылыми-ізденіс және оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;
2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;
3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау;
4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.
Конференция шеңберінде 8-сәуірден бастап келесідей іс-шаралар өткізіледі
1. Ашық есік күндері
2. Дөңгелек үстелдер
3. Ғылыми пікірталастар
4 .Мастер-класстар
5. Көрмелер
6. Фотокөрмелер
7. Көрнекі ғалымдармен, саясаткерлермен және заңгерлермен кездесу
8. Зияткерлік ойындар, PR агенттіктердің презентациялары.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференциямен байланысты барлық шығындар конференцияға қатысушылармен төленеді.
Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасы 2019 жылдың 22 наурызына дейін конференция хатшылары қабылдайды.
Конференция барысында түрлі заманауи ғылым саласының өзекті мәселелері келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстарда талқыланады:

Ақпараттық хат_Фараби-алеми_2019.pdf

Басылым күні :  02.04.2019