Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция «ГЕОСАЯСИ ЖӘНЕ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОНЫҢ АЙМАҚТАРЫ»

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция
«ГЕОСАЯСИ ЖӘНЕ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОНЫҢ АЙМАҚТАРЫ»

Аса құрметті әріптестер!
Сіздерді 2018 жылыдың 22-23 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде география ғылымдарының докторы, профессор Надыров
Шерипжан Марупұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер жүйесіндегі Қазақстан мен оның аймақтары» атты
тақырыпта өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ
1. Қазақстандағы геосаяси және геоэкономикалық өзгерістердің негізгі бағыттары.
2. ҚР аймақтарының экономикалық және әлеуметтік – демографиялық дамуындағы өзекті мәселелер.
3. Геоэкологиялық зерттеулердің заманауи бағыттары
4. Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы.
5. Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы географиялық білім берудің мәселелері.
#Геофак_КазНУ
#кафедрагеографииземлеустройстваикадастра
#Геоземкад_КазНУ

Басылым күні :  15.05.2018