5-6 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми кітапханасында 11 сынып оқушыларына арналған Республикалық «ӘЛ-ФАРАБИ-2018» олимпиадасының III кезеңі өтті.

5-6 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми кітапханасында 11 сынып оқушыларына арналған Республикалық «ӘЛ-ФАРАБИ-2018» олимпиадасының III кезеңі өтті.Олимпиада 13 пән бойынша өткізілді. География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары Нюсупова Г.Н., Кожахметов Б.Т., Калимурзина А.М., Аубакирова Г.Б. география пәнінен қазылар алқасының мүшелері және ұйымдастырушылары болды.
География пәні бойынша олимпиадаға қатысушылар ғылыми (жобалық) жұмыстарды қорғады, практикалық және далалық тапсырмаларды орындады.Олимпиада қорытындысының нәтижесінде

1 - орынды Алматы қ. №45 мектептің 11 - сынып оқушысы Тәңірберген Ұлдана;

2 - орынды Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 -сынып  оқушысы Амангельды Алтынай;

3 - орынды әл - Фараби ат. ҚазҰУ-нің бейіндік мектебінің 11 - сынып оқушысы Пазилов Рамитан иеленді.Олимпиада жоғары деңгейде өтті және оқушылардың болашақта географиямен байланысты мамандық таңдауына қызығушылықтарын арттырып, зор ықпалын тигізді. #геофак_казну #геоземкад_казну

 




Басылым күні :  12.04.2018