«МЕН ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫН»

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «7М01505 – География» БББ 1 курс магистранттары Сагинбаев Жумабек пен Насырла Аида педагогикалық тәжірибе негізінде Асен Нұрдана Қабылқызының жетекшілігімен «МЕН ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫН» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.


Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге зорлық-зомбылықтың қай түрі болса да, зиян екенін түсіндіру. Студенттермен пікір алмасу және отбасы құндылықтары мен ашық тәрбиенің маңызын талқылау.


Тәрбие сағаты барысында студенттерге барлық деңгейдегі зорлық-зомбылық түрлері және мектептегі зорлық-зомбылықтар туралы мысалдар келтірілді. Үлкен зардап алып келетін зорлықтың бастауы болатын харассмент пен мектептегі әлімжеттік және буллингке де тоқталып өтілді. Студенттер тақырып аясында жалпы кездестірген оқиғаларымен бөлісіп, арнайы сұрақтарға жауап беру арқылы, бір - бірімен пікір алмасты.
Ашық тәрбие сағатының соңында топ студенттері мен оқытушылар естелік суретке түсті.


Басылым күні :  05.04.2024