90 жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді

         

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция 2024 жылдың 4-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында өткізілді. Конференция аясында география мен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізіліп, ғылыми мақалалар қарастырылды.

«География (ғылыми)», «География (педагогикалық)», «Жерге орналастыру» және «Кадастр» бағыттары бойынша секция отырыстары ұйымдастырылды, көптеген баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Конференция бойынша «География (ғылыми)» бағытына 21 мақала, «География (педагогикалық)» бағытына 6 мақала, «Жерге орналастыру» бағытына 11 мақала, «Кадастр» бағытына 7 мақала қабылданып, комиссия мүшелерінің алдында қорғалды. Аталған барлық бағыттарда жеке-жеке орындар беріліп, дипломдар мен силықтар үлестірілді. Кафедра бойынша “6В07303-Кадастр” мамандығының 3 курс студенті Жанабай Назым 1 орын алып, кафедра атынан факультет деңгейінде өтетін шараға жолдама алды.

Басылым күні :  05.04.2024