Алматы қаласы прокуратурасының «Ашық есік күні»

6 қыркүйек 2023 жылы Алматы қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл шараға арнайы шақыртумен Әл – Фараби атындағы   Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» факультетінің 1- курс 101 – топ студенттері қатыстырылды. Кездесу барысында Алматы қалалық прокуратурасы кадр бөлімінің басшысы Ашляева Жанар Төлегенқызы және Жақыпова Жанна Баяхметқызы прокуратураның қызметімен студенттерді толыққанды таныстырды. Сонымен қатар, Барақат Бекәділ Шоптыбайұлы ҚР Прокуратурасының қалыптасу тарихына шолу жасап, мұражайына саяхат ұйымдастырды.

Кездесу барысында студенттердің жалпы құқық қорғау органдары, соның ішінде прокуратураның қызметіне деген қызығушылығы оянып, мамандықты таңдаудағы дұрыс жолды таңдағандықтарына көз жеткізді.

Осы кездесу студенттерге мамандығын оқып игеруде мотивация болады деп үлкен сенім артып айта аламын.

Басылым күні :  07.09.2023