АНОНС "Судья және сот қызметкері күні" кәсіби мерекесіне арналған ғылыми-практикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 2023 жылғы 23 маусымда сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінде "Судья және сот қызметкері күні" кәсіби мерекесіне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция тақырыбы: "Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының сот билігін дамыту".

Конференцияның мақсаты - сот билігінің тиімді жұмыс істеуінің өзекті ғылыми-теориялық мәселелерін талқылау, Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестерді конституциялық-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.

 Конференция жұмысының бағыттары:

- Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту жолдары;

- Қазақстандағы 2022 жылғы конституциялық реформа сот жүйесінде демократиялық процестерді өрістетудің катализаторы ретінде;

- Қазіргі жағдайда сот жүйесін нығайту мәселелері;

- Қазақстан қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру - Қазақстан Республикасы сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі.

Конференцияға қатысатын Қазақстанның жетекші ғалымдары; сот билігі мен өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар.

Конференция форматы: оффлайн

Конференцияны өткізу күні: 2023 жыл 23 маусым, сағат 11.00.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., Заң факультеті, 4 қабат, 413 аудитория.

Конференция координаторлары: Д.Л. Байдельдинов, А.С. Ибраева.,С.Т. Тыныбеков

Байланыс нөмірі: +7-701-710-63-71, +7 701 555 64 66;

Ұйымдастыру комитеті. Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы; азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы; кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.

Басылым күні :  21.06.2023