АНОНС заң ғылымдарының докторы, профессор Юрий Григорьевич Басиннің туғанына 100 жыл толуына орай құрметтеуге арналған мерекелік іс-шара

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ ректораты және заң факультетінің басшылығы Сізді заң ғылымдарының докторы, профессор Юрий Григорьевич Басиннің туғанына 100 жыл толуына орай құрметтеуге арналған мерекелік іс-шараға қатысуға, сондай-ақ профессор Ю. Г. Басин және оның азаматтық құқық пен заң білімін дамыту мәселелері бойынша ғылыми қызметінің нәтижелері туралы электрондық басылымда жариялау үшін естеліктермен мақала ұсынуға шақырады.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң кітапханасының 4-қабаты, конференц-зал № 2 , 409.

Өткізу күні мен уақыты: 31 наурыз 2023 жыл; 10.00 – 13.45 с. (Алматы уақыты бойынша - 4 сағат ОЕУ)

Қатысушыларды тіркеу: 09.00-ден бастап 10.00-ға дейін (Алматы уақытымен; - 4 сағат ОЕУ)

Басталуы: 10.00 сағ (Алматы уақытымен; - 4 сағат ОЕУ)

Қатысу нысаны: жеке немесе ұсынылған сілтемеге сәйкес қашықтықтан қосылу арқылы

Қашықтықтан қатысу сілтемесі: Zoom https://us02web.zoom.us/j/86326162783?pwd=eFhMSkRSN1NadGJFTjltREQydkhNdz09 конференция идентификаторы: 863 2616 2783, кіру коды: 517009 

Мерекелік іс-шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, судьялар, адвокаттар, нотариустар, практик заңгерлер және басқа да шақырылған адамдар, сондай-ақ профессор Ю. Г. Басин туралы естеліктерімен беделді отандық және шетелдік ғалымдар, оның азаматтық құқық ғылымына қосқан үлесі және заң кадрларын даярлау туралы баяндамаларымен қатысады.

Профессор Ю. Г. Басиннің мерейтойына орай «Қазақ университеті» баспасы 2023 жылдың 30 наурызында мерейтой иесіне арналған электронды жинақ шығарады. QR коды және оған сілтеме үлестірме материалдарда көрсетіледі.

 

Профессор Ю. Г. Басин туралы естеліктер және оның азаматтық құқық пен заң білімін дамыту мәселелері бойынша ғылыми мұрасы жөніндегі мақалалар, егер 2023 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитеті хатшысының төменде көрсетілген электрондық мекенжайына көлемі 5 (бес) бетке дейін (кегль – 14) Word форматында қазақ, ағылшын немесе орыс тілдерінде жариялау үшін мақала мәтіні ұсынылса, осы жинаққа енгізіледі, интервал – бір, пайдаланылған дереккөздердің тізімі-мақаланың соңында, дереккөздерге сілтемелер – мақала мәтініндегі төртбұрышты жақшада).

 

Құрметпен ұйымдастыру комитеті:

 

төраға:

Туймебаев Ж.К., Басқарма төрағасы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы);

мүшелері:

Байдельдинов Д.Л., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -і заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы);

Тыныбеков С.Т., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы);

Кот А.А., Украинаның ұлттық құқықтық ғылымдар академиясының Киев аймақтық орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Украинаның ұлттық құқықтық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Украинаның еңбек сіңірген заңгері (Украина);

Усуб Э.А., «Rodl & Partner» консалтингтік фирмасының Баку кеңсесінің басқарушысы, адвокат, Әзірбайжан Адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (Әзірбайжан Республикасы);

Убайдуллаев З.С., факультеттің халықаралық жеке және азаматтық құқық кафедрасының профессоры және әлемдік экономика және дипломатия университетінің заң клиникасының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан Республикасы);

Шрамм Х-Й., қолданбалы ғылымдар, технологиялар, бизнес және дизайн университетінің Шығыс институтының тең директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор. Висмар қаласы (Германия Федеративтік Республикасы);

Карагусов Ф.С.,заң ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық салыстырмалы құқықтану академиясының (IACL) мүшесі (Қазақстан Республикасы);

 

хатшы:

Асанова Саида Эргашевна, философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы (тел: +7 701 742 4428, e-mail: saida.assanova2020@gmail.com ).

 

 

 

Басылым күні :  02.03.2023