«Біз жасаған бір қайырымдылық» ic шарасы

          Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық -адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Әрбір жасалған істе ізгілік бар. Қайырымдылық ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Қайырымдылық жасаса жаныңда жүр жақсы адам деп түсінеміз. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен  акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны әрине көңілге қуаныш сыйлайды.

         Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының және 202, 302 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Біз жасаған бір қайырымдылық» шарасы өткізілді.

         Осы бір сәтте жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру адамдардың жай күйін түсіне отырып, шамамыз келгенше көмекке мұқтаж онкологиямен ауыратын балалардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсыну мақсатында өткізілген іс –шарамыз ізгілік нұрын шашып және жсөспірім ұрпақ та қамқорлық жасап жүретін, жомарт жандар қатарынан болса екен тілекпен ұйымдастырлыған іс –шараның да мақсаты осы еді.


Басылым күні :  18.10.2022