ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК-2022 Ж ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ09.04.2022 ж

 

      Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық акциясына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы да белсенді қатысты.
Барлық профессор-оқытушылар құрамы, Заң факультетінің қызметкерлері мен студенттері ҚазҰУ аумағын, сондай-ақ оған іргелес аумақты қоқыстан тазартуға қатысты. Сонымен қатар, кафедра студенттері мен ПОҚ ағаштарды әктеп, топырақты қопсытып, қоршауларды, орындықтарды, урналарды сырлады.
Сенбілік "Birge – Taza Qazaqstan"республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Жалпы қалалық сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері шығып, 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Тазалау жұмыстары сағат 9:00-де басталып, 12:00-ге дейін созылды.

Басылым күні :  12.04.2022