“Тарих” пәні мұғалімдерінің сьезі

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич 3 наурыз күні Петропавл қаласындағы “Тарих” пәні мұғалімдерінің сьезіне қатысты. Сьез барысында “Мектепте тарихты оқытудағы өзекті мәселелер: шешу жолдары мен ұсыныстар” тақырыбында жасаған баяндамасын сьезге қатысушылар жоғары бағалады. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлынан кейін сөз алған Даурен Наурызбаевич өз баяндамасында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында тәжірибелі заңгерлердің кеңесіне негізделген семинарлар өткізуге басымдық беру қажеттілігін атап өтті.

 

Басылым күні :  09.03.2022