М.Мақатаевтың 90-жылдыңына арналған «Есіңе мені алғайсың» тәрбиелік кеші

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

26 қараша 2021 жылы сағат 11.00-де заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы ақиық ақын М.Мақатаевтың 90-жылдыңына арналған «Есіңе мені алғайсың» тәрбиелік кешіне қатысуға шақырады. Кешті жүргізуші азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы «Жыл мұғалімі» қалалық байқауында 1-орынды жеңіп алған Дәурен Сағынғалиев жүргізеді.  

1) Шараның атауы: «Есіңе мені алғайсың» шығармашылық нысанындағы іс-шара

Өткізу уақыты: 26 қараша 2021 жыл сағат 11.00

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультеті, 315 аудитория.

Шараның ұйымдастырушылары: з.ғ.к., кафедраның аға оқытушысы С.Р.Ермухаметова, аға оқытушы Р.К.Нуранова, аға оқытушы Асанова С.Э., аға оқытушы А. Т.Муксинова, оқытушы Д.А.Алкебаева.

Шараның мақсаты: Студенттердің ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығы негізінде ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру. Поэзияға деген құштарлықтарын ояту.  

Басылым күні :  26.11.2021