ОНЛАЙН ВЕБИНАР: "СОТҚА ДЕЙІНГІ ТӘРТІПТЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН РЕТТЕУ КЕЗІНДЕ ҚР ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ СОТ ТӘРТІБІМЕН ШЕШУ".

Азаматтық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы нормаларын іс жүзінде қолдану заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
21.05.2021 ж.з. ғ.д. Забих Шолпан Арапбайқызы "Kazakhstan Bar Association" (КазБар) Заң консультанттар палатасы ұйымдастырған вебинарда спикер болды. Вебинардың тақырыбы:"еңбек дауын сотқа дейінгі тәртіпте реттеу кезінде ҚР еңбек заңнамасының нормаларын қолданудың өзекті мәселелері және оны сот тәртібімен шешу". Бұл іс-шара тыңдаушылардың кең аудиториясын қамтыды, оған елуден астам тәжірибелі заңгерлер қатысты.
Осы on-line іс-шара аясында ш. а. Забих келесі сұрақтарды қарастырды:
1. Еңбек дауы (еңбек шартын тоқтату негіздері; еңбек шартын бұзу тәртібі; мерзімі өткеннен кейін еңбек шартын тоқтату тәртібі; қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі; Жұмыс берушінің бастамасы бойынша, оның ішінде пандемия кезеңінде еңбек шартын бұзудың негіздері мен тәртібі және басқалар).2. Еңбек келісім-шарт. Жұмыс берушінің актісі. Тәртіптік жазалар.
3. Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау. Татуластыру рәсімдері.
4. Еңбек дауларын сотта шешу.
5. Өзекті мәселе: вакцинация және ҚР еңбек заңнамасы.
Вебинар соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жарияланған күні: 24.05.2021

Басылым күні :  24.05.2021