2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 13:00-де. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3-4 курс студенттерімен Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының аға прокурорымен онлайн-кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттерге прокуратура органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібі және прокуратура органдарында жұмысқа орналасу ережелері туралы ақпарат берілді.

Басылым күні :  14.01.2021