Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3-4 курс студенттерімен онлайн-кездесуі өтті

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі субъектілерінің бірі ретінде ішкі істер органдарының құқық қолдану практикасы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі мәселелері талқыланды.Кездесу аясында студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді, ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, қызметке орналасу тәртібі және жұмысқа орналасу ережелері туралы ақпарат ұсынылды.

 


Басылым күні :  14.01.2021