«Жыр алыбы-Жамбыл»атты тәрбиелік-мерекелік іс-шара

Шараның қысқаша мазмұны: 2017 жылдың ақпан айының 09 жұлдызында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультеті, 418 аудиториясында «100 кітап» жобасының аясында өткізілетінЖамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы-Жамбыл» атты әдеби-сазды кешін ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. және кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.

Іс-шара барасында 305 топтың студенті Сакен Бейбарыс Жамбыл Жабаевтың өмірбаянын бейне-сюжет арқылы таныстырды. Төкенқызы Айғаным, Исмаил Жамал, Пердебай Әсел, Мейрамбек Санжар ақынның бірқатар өлеңдерін айтты, Тынышбек Ақерке "Аққудың айырылуы" өлеңіне сатылы-кешенді, толыққанды талдау жасады. Шарипбаев Райымбек қазақтың қара домбырасын шертіп құлақ құрышын қандырды.

Басылым күні :  03.07.2017