«Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбиелік-мерекелік іс-шара

Шараның қысқаша мазмұны: 2015 жылдың наурыз айының 25 жұлдызында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультеті, 301 аудиториясында «Айналаңды нурландыр» жобасының аясында өткізілетін қазақтың Әз-Наурыз мерекесіне арналған "Ұлыстың ұлы күні" атты әдеби-сазды кешін ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. және кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.

Іс-шара барасында 305 топтың студенті Исмаил Жамал "Наурыз мейрамы тарихы" бейне-сюжетімен таныстырды. Төкенқызы Айғаным, Исмаил Жамал, Пердебай Әсел, Мейрамбек Санжар Наурыз мерекесіне арналған бірқатар өлеңдерін айтты, Тынышбек Ақерке мың бұралып қазақтың биімен қуантты. Шарипбаев Райымбек қара домбырасын шертіп құлақ құрышын қандырды. Топ студенттері дайындап келген Наурыз

 

Басылым күні :  03.07.2017