Саналы ұрпақ

2023 жылдың 14 ақпанында «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасы «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік бейнеролик байқауға белсене қатысқан үшін заң факультетінің 1 курс студенттерін марапаттау рәсімін өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 20-дан астам студентті қабылдады. «Саналы ұрпақ» басшысы Токушев Қ.А. студенттерге шығармашылық бастамалары үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықсыз болашақ тіледі!

Басылым күні :  18.02.2023