"Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету"

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің студенттерімен және қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары А.К. Жанибеков, С.Б. Дузбаева және А.Ж. Муратовамен кездесу өтті.
Іс – шараның мақсаты - студенттерді кәсіби бағдарлау, экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің жұмысымен таныстыру, экономикалық тергеу қызметінің ерекшелігі туралы толық ақпарат беру, одан әрі жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат беру болып табылады.
Іс-шара барысында, Алматы қаласы бойынша ЭТТД Ұйымдастыру-бақылау басқарма басшысы М.К. Сұлейменов және Департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы С. К. Бөрібаев қатысушы студенттерге Департаменттің жұмысының ерекшеліктері, атқарылған жұмыстар, жұмысқа орналасу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, қызметкерлер қаржы пирамидаларына тән белгілерді түсіндіріп, Агенттіктің бейне ролигін көрді.
ҰББ аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Г.С. Абдрахманова "Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында дәріс өткізді.
Криминалистика бөлімінің қызметкері М.Б. Бадырова Департаменттің криминалистика бөлімінің жұмысы туралы айтып, арнайы құралдарды қолдана отырып, жалған купюралар мен есепке алу-бақылау маркаларын зерттеу тәсілдерін көрсетті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне серіктестік үшін алғыс білдіреді @afm_rk.

Басылым күні :  29.11.2021