Кинологиялық орталық

 

Ағымдағы жылдың 18, 19, 22 қарашасында 3, 4 курс студенттері қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары С. Дузбаева, А. Муратова, С. Даубасова және А.Жакышпен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығына барды. Кездесу барысында ҚР ІІМ ының басшысы полиция подполковнигі Болгумбаева Анель мен ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының асыл тұқымды питомнигінің басшысы Чебан Максим студенттерге кинология, кинологиялық орталықтың қызметі мен қызметтік иттермен жұмыс етудің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығына серіктестік үшін алғыс білдіреді @kc_mvd_rk.
.

Басылым күні :  29.11.2021