«Бір Ел»

2021 жылдың қараша айының 26 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Бір Ел» Кіші Студенттік Ассамблеясының мүшелері мен  факультет студенттерінің Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, «Түрік» қоғамы тіл және мәдениет орталығының Төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, академик, философия ғылымдарының докторы Қазақбай Қасымов мырзамен кездесуі өтті. Елдің мызғымас бірлігі мен ұлтаралық татулық тұрақтылығы жолында зор үлесін қосып келе жатқан Қазақбай Таштемірұлы кездесу барысында жастарға қызметтік жолындағы естеліктерін айтып, өмірден түйген сабақтарымен бөлісті. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи сәтті пайдаланып құрметті қонағымызбен бірге суретке түсуді ұсынды.

Басылым күні :  29.11.2021