Бес бойдақка бір той

 

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Тағайбек Қымбат Талғатқызы өзінің  302-топ студенттерімен Мұхатов Әуезов атындағы театрға барып, "Бес бойдақка быр той"спектаклін тамашалады. Көрнекті жазушы-драматург Т.Нұрмағамбетовтің  «Бес бойдаққа бір той» комедиясы ұлтымыз үшін маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның болашағы мәселесін күлкі призмасынан қарастырады. Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұлдары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбай ұлдарының тұрмыс-тыныс тіршілігіне  қарны ашады, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы болса, ұлдары әкесін үйлендірмекке әлек.
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын, әзілге толы  қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.

Басылым күні :  22.11.2021