«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті күшейту ме, әлде құқықтық мәдениетті арттыру ма?» тақырыбы бойынша оn-line пікірталас
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесі, Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті күшейту ме, әлде құқықтық мәдениетті арттыру ма?» тақырыбы бойынша жоғарғы оқу орындарының білім алушылары арасында оn-line пікірталас өткізеді.
Пікірталасқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының командалары қатыса алады.
Пікірталасты өткізу форматы: Skype онлайн-платформасы
Өтетін уақыты: 18 сәуір 2020 жыл, 12.00
Ойын форматы: Британдық-парламенттік (БПФ)
Командаларда 2 спикерден болуы қажет
Пікірталасқа қатысу үшін ЖОО командалары қатысушылар туралы ақпаратты электронды форматта ұсынуы қажет (аты-жөні, курс, команда атауы, университет, Skype, WatsApp платформаларында кері байланыс үшін контактілер).
Оп-line пікірталасты ұйымдастыру мен қатысу мәселелері бойынша келесі контактілерге хабарласуға болады:
Skype: damir5500, akmaral77sman
Тел. (WatsApp) +77772586671 модератор - Аширов Дамир
+77026833709, +77016865566 - ұйымдастырушылар






