ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ХІІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ

 

ҚР БҒМ ұсынымдарына және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020-2021 жылдың 26-29 cәуір аралығында Республикалық пәндік олимпиадаларды қашықтық форматта өткізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдейміз.
Олимпиаданың II кезеңі 2021 жылдың 26 сәуірінде сағ. 10.00 де қашықтық форматта өткізіледі.
Олимпиадаға қатысуға "Педагогика және психология" мамандығы бойынша оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 2-3 курс студенттері шақырылады.
Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада белсенді және талантты білім алушыларды қолдау, студенттерге жарыстық ортаны құру және практикалық тәжірибелері мен ғылыми іс-әрекеттерін жетілдіру үшін, педагогика және психология бойынша студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін көрсету мақсатында жүргізіледі.
Олимпиаданың міндеттері:
‣ Педагогика мен Психологияға қызығушылықты дамыту;
‣ "Педагогика және психология" мамандығы мен педагогикалық
ғылымдарды танымал ету;
‣⠀студенттер арасында кәсіби позицияны қалыптастыруға ықпал жасау;
‣⠀педагогиканың дамуы мен педагогикалық идеялардың эволюциясы
арқылы педагогикаға жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде
қарау, жеке тұлғаның мәдениетін педагогика арқылы тәрбиелеу;
‣⠀студенттердің көшбасшылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау.
Байланыс телефондары: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы +7 (727)377-33-33 қосымша 17, Шағырбаева Ментай Догдырбаевна +7 7026869450 (WhatsApp),е-mail: mentay77@mail.ru
Толығырақ:

Басылым күні :  22.04.2021