Кәсіби бағдар

Бүгін 14.01.2021 Шымкент қаласы,Түркістан Индустриалды колледжінің 3 курс білім алушылары мен Алматы қаласы №148 мектеп гимназиясының түлектерімен кәсіби бағдар бойынша «Мамандық таңдауға алғашқы қадам» атты ашық сабақ жүргізілді. Ашық сабақ барысында Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының Педагогика және психология , Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтарын таныстырылды. Жалпы кафедрада атқарылатын жұмыстар, мастер-класстар, психологиялық тренингтер, жаңа заман талабы бойынша орындалатын әдіс-тәсілдер аталды.

Ашық сабақта презентациямен қоса, бейнеролик те көрсетілді. Ол жерде сабақ өту барысы, студенттердің жұмысы және сабақ өткізу формалары көрсетілген болатын.

Біз әр түлекке есігіміз ашық екенін,сонымен қатар олардан білікті маман етіп шығару біздің міндет екенін айта отырып, оқушылар мен студенттердің өздерінің де ойларын айтқыза білдік. Олар білім беру, тәрбие жөнінде өз ойларын айта отырып, белсене қатысып отырды. Студенттерге және оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

 

Басылым күні :  14.01.2021