ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ

 

Уорик университетінің жас ғалымдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп вебинар ұйымдастырды.

Спикер: 

 Айча Хаджи Сонни - Уорик университетінің білім беру зерттеулер орталығының 2-курс докторанты. Математика және информатика магистрі. Ecole Normale Supérieure de Cachan жанындағы оқыту әдістерін когнитивті талдау университетін бітірген.

Тақырыбы: Математикалық білім берудің аффективті саласындағы негізгі ұғымдар.

 

Вебинар мақсаты: Математикалық білім берудің аффективті саласындағы негізгі ұғымдармен және халықаралық тәжірибемен таныстыру.

Вебинарда қатысушылар төмендегі мәселелермен танысты:

·         Математикалық білім берудің аффективті саласындағы негізгі ұғымдар;
·         Математикалық есептерді шешу барысындағы қорқыныш және халықаралық зерттеулер;
·         Математикалық есептерді шешу барысындағы қорқынышты жеңудің әдіс-тәсілдері;

Қорытындылай келе,вебинар қатысушылар тарапынан жоғары дәрежеде бағаланды. Вебинарға 30-ға жуық философия және саясаттану факультетінің ізденушілері,оқытушы-профессорлық құрамы,отандық және шетелдік қонақтар қатысты.

Фасилитатор: Ақмаржан Ноғайбаева (Уорик университетінің докторанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлегі)

Вебинар қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Басылым күні :  08.06.2020