«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

2020 жылдың 7 және 8 сәуірінде «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының аясында педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының секциялық отырыстары өтті, онда психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері, еріктілік мәселелері және ғалымдардың білім беруді дамытуға қосқан үлесі талқыланды.
«Білім беруді дамытуға қосқан көрнекті мұғалімдердің үлесі», «Еріктілік жылы - Қазақстанның одан әрі дамуына серпін ретінде» атты секцияларының жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы және т.б. студенттері мен жас ғалымдарының баяндамалары тыңдалды. Секция жұмысына педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар» мамандығының 1 курс магистранты М. Хайруллаева «Білім беруді дамытуға белгілі педагогтардың қосқан үлесі» секциясының нәтижелері бойынша «Аутизм диагнозы бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға психологиялық көмек көрсетудегі қиындықтар» тақырыбында баяндамасы үшін 1-орынға ие болды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор А.Б. Мукашева).
«Еріктілік жылы - Қазақстанның әрі қарай дамуына серпін ретінде» секциясының нәтижелері бойынша 1-орын «Педагогика және психология» 1 курс магистранты Д. Матниязоваға «Болашақ педагог-психологтардың кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық практиканың рөлі» 1-орынға ие болды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Таубаева Ш.Т.).



Басылым күні :  18.04.2020