"Коронавирус инфекциясы (емдеу және алдын-алу жолдары)»

16 сәуір 2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің педагогика және білім менеджмент кафедрасы мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің экономика және басқару факультетінің ұйымдастурымен «Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары» атты ғылыми-танымдық онлайн-семинары өткізілді. Семинардың бағдарламасы "Коронавирус инфекциясы (емдеу және алдын-алу жолдары)» тақырыбы бойынша баяндамасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің педагогика және білім менеджмент кафедрасының магистранты Нұрманова Ханзада және «Карантин режимі нені блдіреді?» тақырыбы бойынша баяндамасымен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің экономика және басқару факультетінің магистрі Зикирова Куралай сөйледі.
Ғылыми-танымдық онлайн-семинардың соңында магистранттар мен студенттер келесі сұрақтарды талқылады: Сіз үшін карантиннің оқу сапасына әсері бар ма? Болса қандай? Карантинді пайдалы өткізіп жатырсыз ба? Тұмау мен коронавирустың белгілерін дұрыс ажырата білесіз бе? Короновируспен күресу барысында қандай іс-шаралар жүргізуге кеңес берер едіңіз? Карантин кезінде оқу сапасын қалай жақсартар едіңіз? Қазіргі онлайн оқыту сіз үшін тиімді ме?
Ғылыми-танымдық онлайн-семинардың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға өз алғысын білдіріп, осы инфекциядан сақтану тәртіптерін ескеріп жүруге шақырды.



Басылым күні :  18.04.2020