«Абай-ақындардың асылы»

2020 жылдың 10 наурызында Алматы облыстық физика-математика бағытындағы дарынды балаларға арналған « Шалтай Смағұлов» атындағы мектеп интернатында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай-ақындардың асылы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыруға, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеуге негізделді.
Іс-шараны 1 наурыз Алғыс айту мерекесіне байланысты бастадық. Оқушылар бір-біріне, мұғаліміне алғыс айтты. Оқушыларға ақынның 175 жылдығына орай өнегелі өмірімен таныстырып, шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін мәнерлеп айтқызу, викторина сұрақтарына жауап беру арқылы жүргізілді. Оқушыларға өте қызықты болды және барлығы ат салысып отырды.
Тәрбиелік іс-шара сонын Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" өлеңімен аяқтадық.
Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс магистранты Керімқұл Аийда, Педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты Султанова Перизат,
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті: Шағырбаева М.Д., Молдасан Қ.Ш.



Басылым күні :  13.03.2020