Ғылыми-практикалық іс-тәжірибе

 

20 қаңтар 2020 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖҚ республикалық институтында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранттары педагогика және білім менеджмент кафедрасының доценті, куратор-эдвайзер Ж.Ш.Бактыбаевтың жетекшілігімен ғылыми-практикалық іс-тәжірибесінің бастапқы конференциясына қатысты. Кездесуге директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Танатова А.Д., директордың инновациялық даму жөніндегі орынбасары, ф-м.ғ.к. Н.О.Қойлық, кафедра меңгерушілері ф.ғ.к. Маханбетова А.А., п.ғ.д., доцент Мұхамбетжанова С.Т., п.ғ.к., доцент Рсалдинова А.К., п.ғ.к., доцент Алдабек Н.А., зертхана меңгерушісі Дудинов В.В. қатысты.
Магистранттарға зерттеу тәжірибесінің мақсаттары мен міндеттерін анықталып айтылды, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қызметтегі заманауи ғылымның интеграциялық процестеріне негізделген кәсіби және зерттеу құзіреттілігін қалыптастыруда табыс тіледі.
Зерттеу практикасы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бағыты бойынша магистратурада кәсіптік оқытудың негізгі білім беру бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылады. Ол кәсіби қызметтің нақты жағдайларында зерттеу сипатындағы нақты мәселелерді шешуге теориялық және практикалық білім мен дағдыларды кіріктіруге бағытталған.



Басылым күні :  10.02.2020