Елімізде тұңғыш рет «Зёрна» ізгілік педагогикасының фестифалі өтті!
Елімізде тұңғыш рет «Зёрна» ізгілік педагогикасының фестифалі өтті!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С.Әлқожаева және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранттары Т.Хасенқызы, А.Болат, П.Изтаева, И.Кабдолдина 2019 жылдың 29-30 қарашасында Алматы қаласында тұңғыш рет «Жандану әлемі» қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Зёрна» ізгілік педагогикасының халықаралық фестифаліне қатысты. «Бақытты және табысты балаларды тәрбиелеу» тақырыбы аясындағы халықаралық шарада әлемнің біраз елінен келген педагогика және психология саласының мамандары Ш.А.Амонашвили, П.Ш.Амонашвили, А.Пахчанян, М.Таргакова, М.Шишова, А.Бабаняц, Ш.Усманов, А.Абжановпен қатар, ҚазҰУ-ың «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының докторанты А.Карабутова бала тәрбиесі жайында құнды ойларымен бөлісті. Фестифаль мақсаты-ұлттық дәстүрлерге, қазақ халқының әдет-ғұрыптарына және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бала тұлғасының әлеуетін ашу және болашақ ұрпақтың табысы мен дамуы үшін отбасылық дәстүрлердің жоғары мәдениетін жандандыру.