"Эмоциялық күйзеліс синдромы"

2019 жылдың 21 қарашасында педагогикалық тәжірибе аясында Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Ш. Бақтыбаевтың жетекшілігімен 2-курс магистранты Нұрманова Ханзада "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 4 курс студенттерімен «Әлеуметтік-педагогикалық тренинг» пәні бойынша "Тренингтегі кері байланыс: кері байланысқа негізделген ойындар мен психотехникалар" атты тақырыбында ашық лекция сабағын жүргізді. Лекцияда кері байланысқа байланысты ақпараттар нақты беріліп, ойындар, психотехникалар практикалық тұрғыдан да көрініс тапты.
Қазіргі таңда күнделікті өмірдегі, жұмыстағы, оқудағы сәтсіздіктерге байланысты адам бойында эмоциялық күйзеліске түсу байқалады. Осыған байланысты "Эмоциялық күйзеліс синдромы" атты семинар тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-тренинг барысында студенттердің бойындағы күйзеліс деңгейі анықталып, онымен қалай күресуге, алдын алуға болатындығы жайында түсіндіріліп, практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинар- тренинг барысында студенттер өздерін белсенді көрсетті.


Басылым күні :  03.12.2019