«Диссертациялық зерттеудің өзектілігін анықтау әдістері мен негіздеменің әдістемесі және оның жалпы ғылыми және мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (ғылым мен техниканың дамуы мен практика сұраныстары)»

Педагогика және білім менеджмент кафедрасы 2019 жылдың 17 қазанында кафедраның магистранттары мен докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында 2-ші ғылыми семинар ұйымдастырды.
Ғылыми семинарда педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Мукашеваның «Диссертациялық зерттеудің өзектілігін анықтау әдістері мен негіздеменің әдістемесі және оның жалпы ғылыми және мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (ғылым мен техниканың дамуы мен практика сұраныстары)» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ш.Бақтыбаевтың «Диссертациялық зерттеудің ғылыми аппараттың құрылымы» тақырыбында баяндамалары тыңдалды және талқыланды.
Пікірталасқа педагогика және білім менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты. Кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Т.Таубаева өз сөйлеген сөзінде диссертациялық зерттеудің негізгі ұғымдарды түсіндіруге мен нақтылауға және ғылыми әдебиеттерімен жұмыс жасауға баса назар аударды.

Басылым күні :  16.11.2019