КІТАП – ЕҢ САБЫРЛЫ ҰСТАЗ

КІТАП – ЕҢ САБЫРЛЫ ҰСТАЗ

(«100 кітап» жобасының аясында ұйымдастырылған тәрбие сағаты)

ҚазҰУ-нің жобаларының бірі – «100 кітап» аясында 2015 жылдың

21 ақпан күні сағат 15:00-де № 9-шы студенттер үйінде (жатақхана) философия және саясаттану факультеті, жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары: Р.С.Қасымова мен Шағырбаева М.Д. ұйымдастыруымен «Кітап – ең сабырлы ұстаз» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында «100 кітап» негізінде осы уақытқа дейін университетімізде жасалып жатқан шаралар мен кездесулер туралы және де осы уақытқа дейін талданған кітаптар мен шығармалар туралы баяндама оқылды. Студенттердің «100 кітапқа» қызығушылығын арттыру мақсатында жобаға енген шығармалардан сюжеттік, тәрбиелік әрі мәдени, эстетикалық тарапынан слайдтар көрсетіліп, талдаулар жасалды. Студенттермен сұхпаттасу барысында олардың осы уақытқа дейін жүз кітаптың қаншасын оқығандығын және одан алған әсерін, өзінің жеке пікірін тыңдап ортақ пікірлер шығарылды. Арасында қара домбыраны серік еткен әнші, өнерпаз студенттер мен магистранттар күй мен әнге бөледі. Жобаға енген Мұқағали Мақатаев, Сәкен Сейфуллин сынды қаламгерлердің сөзіне жазылған әндер орындалды.

Әсіресе, кеш барысында қазақ қаламгерлерінің ұрпаққа өсиет сөзі жазылған авторлардың өз дауыстарын тыңдап, рух пендесін оятып өз дауыстарында шығармалары тыңдалды. Студенттердің алған әсері өте жоғары болғаны сонша, өзінің қазақ болып туылғанына қуанатындығын жасыра алмай ағылып ұйымдастырушыларға рахметін айтып ағынан жарылды. Мұқағали Мақатаев пен Бауыржан Момышұлының өр дауысын естігенде сілтідей тынған студенттер жаңа деммен кешке белсене араласып, Абай Құнанбаев, Төлеген Айбергенов т.б ақындардың әуелден білетін өлеңдерін мәнерлеп, ерекше әсермен оқып берді.

Әр талдау, пікір арасында қазақтың дәстүрлі әндерін өз замандастарынан тыңдаған студенттер кеш соңында заманауи кино жанрында ұмыт қалдырмады. «100 кітаптың» ішіндегі танымал шығармаларға түсірілген көркем фильмдер («Война и Мир», «Дориан Грей», «Абай» т.б) шығарманың мәтінімен қатар талдап бір жаңа тәрбиелік соқпақтың бағытын осы деп талдап берді.

Р.С.Қасымова педагогикалық тұрғыдан кешті талдап, тәрбие сағатын қорытындылады. Соңғы нүкте тағы да дәстүрді терме әуеніне берілді.

Ұйымдастырушылар:

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының п.ғ.к., доцент Р.С.Қасымова

п.ғ.к, аға оқытушы М.Д.Шағырбаева

Басылым күні :  27.03.2015