Ұжымдағы қарым-қатынас этикасы

2018 жылдың 23 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері, доцент Қ.Н. Ашекееваның жекетшілігімен «Ұжымдағы қарым-қатынас этикасы» тақырыбында пікірталас өткізілді. Осы пікірталастың мақсаты: ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілік шарасын анықтау. Іс-шара басында доцент К. Н. Ашекеевамен бірге білім алушылар, қарым-қатынас түрлері, этикалық нормалар, ұжымда қатар өмір сүру ережелері туралы түсініктерді талдады. Содан кейін қатысушылар үш топқа бөлінді. Балалар ұжымда қатар өмір сүру үшін қажет деп есептейтін қарым-қатынас Кодексімен плакаттарды ресімдеуі тиіс еді. Оқушылар командалардың атауын ойлап тауып, ұжымдағы қарым-қатынас ережелері кодексін қорғайтын әр команданың өкілін таңдап алды. Өткен іс-шара балаларда көптеген жағымды эмоциялар қалдырды. Оларға ұжымдағы мінез-құлық пен қарым-қатынастың негізгі этикалық ережелерін меңгеруге, сондай-ақ қарым-қатынастың белгілі бір нормалары мен заңдылықтары бар екенін түсінуге көмектесті, көптеген қызметтерді орындайды: ақпарат алмасу және беру, эмоцияларды қалыптастыру, адамды тану, өзара қарым-қатынасты түзету, бірлескен қызмет және т. б.

Басылым күні :  07.01.2019